Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Талибан Ауғанстанда валюталық операцияларға тыйым салды
09:24 / 2022-06-30

Ауғанстан үкіметін басқарушы «Талибан» қозғалысы елде валюталық операцияларға тыйым салғанын жариялады.

Ішкі істер министрлігі тәртіп бұзушыларға қатаң жаза қолданылатынын ескерткен.

«Ауғанстан Ислам Әмірлігі Министрлер Кабинетінің шешіміне сәйкес жерді, үйлерді, дүкендерді, базарларды, пәтерлерді, құрал-саймандарды, көлік құралдарын сатып алуға және сатуға, шетел валютасына жалға алу мен ипотекаға қатаң тыйым салынады»,- делінген Ішкі істер министрлігінің сайтында жарияланған хабарламада.

Сонымен қатар «Министрлер кабинетінің шешімін жүзеге асыру мақсатында Ішкі істер министрлігі облыстардағы барлық полиция бөлімшелері мен барлау қызметтеріне мұндай жағдайларды үнемі қадағалап, қатаң алдын алуды тапсырады. Тәртіп бұзғандар шариғат пен заңға сәйкес қатаң жазаланады», - делінген құжатта.