Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Талибан Ауғанстанда министрлер тағайындай бастады
14:49 / 2021-08-24

Ауғанстанда билікті өз қолына алған «Талибан» қозғалысы бірнеше министрлікке уақытша басшы тағайындады.

Pajhwok ақпараттық агенттігінің мәліметінше, Садр Ибрахим ішкі істер министрі, Гүл Ага қаржы министрі және Наджибулла барлау бастығы міндетін атқарушы болып тағайындалған.

Бұған дейін Ауғанстанды басқару үшін кеңес құруға ниетті екенін білдіріп, оны 12 адамнан жасақтауын мәлімдеген радикалды қожғалыс жетекшілері, білім министрлігі, жоғары білім министрі және Кабул губернаторы лауазымдарына өз адамдарынан құралған тағайындаулар жасағаны хабарланды.

Тәліптердің жаңа үкіметті жағақтауға байланысты мәлімдемесінде Ауғанстанда президент немесе басқа жалғыз басшы болмайды. Осылайша олар АҚШ-тың қолдауымен үкіметтің кейбір мүшелеріне жаңа кабинетте өздері таңдаған министрлік лауазымдарын ұсынуға ниетті. Талибан халықаралық қауымдастықтың мойындау мүмкіндігін жоғарылату үшін мүмкіндігінше инклюзивті көрінетін үкімет құрмақ.