French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Такси қызметі үшін лицензия беру уақытша тоқтатылды
12:06 / 2020-04-22

Республика аумағында карантиндік тәртіп 2020 жылдың 10 мамырына дейін ұзартылған


Республикалық арнайы комиссияның шешімімен Өзбекстанға коронавирустың жаңа түрі кіріп келуі мен тарауына байланысты енгізілген карантиндік шектеу шараларына қатысты ел аумағында Такси қызметіне рұқсат етуші лицензиялар беру уақытша тоқтатылды.

Әділет министрілгі таратқан ақпаратқа сай, Республикалық арнайы комиссияның шешімімен Қарақалпақстан Республикасы, облыстарда және Ташкент қаласында жолаушыларды тасымалдауға байланысты барлық лицензияларға өтініштерді қабылдау және лицензия беру процесін қарау тәртібі 2020 жылдың 10 мамырына дейін тоқтатылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Республикалық арнайы комиссияның шешімімен карантиндік шектеу шаралары және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күшейтілген тәртіп 2020 жылдың 10 мамырына дейін ұзартылғаны хабарланған болатын.