Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Таиландта табиғи апат салдарынан 22 адам көз жұмды
15:27 / 2024-08-27

Таиландта муссондық жаңбыр салдарынан болған су тасқыны мен көшкіндерден қаза тапқандар саны 22 адамға жетіп, 19 адам жарақат алған.

«Bangkok Post» газетінің хабарлауынша, шамамен 30 мың үй зардап шеккен. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Солтүстіктегі Чианграй, Нан, Паяо, Петчабун және Праэ провинцияларында су тасқыны қаупі әлі де сақталуда.

Жыл сайын маусым-қыркүйек айлары аралығында муссондық жаңбыр Оңтүстік Азияда кең ауқымды табиғи апаттар мен жазатайым оқиғаларға себеп болады.