Таиландта мектеп алаңының шатыры құлап, жеті адам қаза тапты
Тайландтың солтүстігінде мектеп спорт алаңының шатыры құлауы салдарынан жеті адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды.
Апаттың алдын алу және басқару департаментінің (DDPM) мәліметінше, оқиға дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 19:00 шамасында қатты жаңбыр кезінде Фичит провинциясындағы бастауыш мектебінде орын алған.
Оқиғаға байланысты премьер-министр Прают Чан-Оча зардап шеккен отбасыларға көңіл айтып, тиісті ведомстволарға хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу, шығын көлемін бағалау және жедел көмек көрсету жұмыстарына басымдық беруді тапсырған.