Таиландта бұрынғы полиция қызметкері балабақшада 30-дан астам адамға оқ атты
Таиландтың Нонгбуаламчу провинциясының бұрынғы полиция қызметкері балабақшада оқ жаудырды.
Reuters агенттігінің мәліметінше, оқиға салдарынан 34 адам қаза тапты, оның 22-сі балалар.
Хабарда айтылуынша, қылмыскер жақында жұмыстан шығарылған полиция қызметкері болып шыққан. Ол атыс қаруы және бірнеше пышақпен қаруланғанып, шабуылдыбалалар ұйықтап жатқанда істеген.
Шабуылдаушы 34 жастағы Паня Хамраб оқиға орнынан қашып кетіп, біраз уақыттан кейін өлі күйде табылған. Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.