Таиландтың астанасы Бангкокта ауа ластануының жоғары деңгейі салдарынан 350-ден астам мектеп жабылды.
Al Jazeera мәліметінше, соңғы аптада Бангкокта ауа ластануының қауіпті деңгейіне қарсы күрес жұмыстары жүргізілуде. IQAir дерегінше, ауа сапасының индексі 159-ға жеткен. Қала әкімшілігі 352 мектептің жабылуына рұқсат етіп, тұрғындарға үйден жұмыс істеуге кеңес берген. Бангкоктың 10 миллионнан астам тұрғынының тек 100 мыңға жуығы ерікті түрде онлайн жұмыс істеуге көшкен.
IQAir көрсеткіші 100-ден жоғары болса, бұл денсаулық үшін зиянды болып есептеледі, ал 200-ден жоғары болса, өте зиянды болып бағаланады. Қала губернаторы Чадчарт Ситтипунттың айтуынша, ластанудың өсуі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және қалдықтарды маусымдық жағу нәтижесінде пайда болған. Ластану бір айға созылса, қалаға үш миллиардтан алты миллиардқа дейін шығын келуі мүмкін (177 миллион доллар).