Таиланд пен Камбоджа атысты тоқтату туралы келісімге келді.
Таиланд пен Камбоджа үкіметтері шұғыл түрде атысты тоқтатуға уағдаласты. Бұл туралы Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрахим хабарлады.
«Екі мемлекет бірден және ешқандай шартсыз атысты тоқтату туралы келісті», – деді ол Куала-Лумпурда өткен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Ибрахимнің айтуынша, бітім 29 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 00:00-де (Ташкент уақытымен 28 шілде, 21:00-де) күшіне енеді.
Еске салайық, Таиланд пен Камбоджа арасындағы шекара қақтығысы 24 шілде күні таңертең ушыққан, екі тарап бір-біріне артиллериялық соққы берген еді.
Қос тараптан да көптеген құрбан болғандар мен жараланғандар бар, мыңдаған адам қауіпсіз аймақтарға көшірілген.