Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Таиланд курорттық провинциялардағы коронавирустық шектеулерді алып тастай бастады
10:19 / 2021-03-01

Таиланд үкіметі эпидемиологиялық ахуалы жақсарып келе жатқан провинциялар тізімін кеңейтті. Қазір бұл тізімге Пхукет, Лопбури, Чиангмай, Чианграй, Лампанг және Транг сияқты танымал туристік провинциялар орын алған.

Таиланд туризм агенттігінің хабарлауынша, Таиланд үкіметі елдегі жағдай жақсаруына байланысты карантиндік шектеулерді кезеңімен алып тастайтындығын жариялады. Елдегі «Жасыл аймақ» ретінде белгіленген провинциялар саны қазір 35-тен 54-ке дейін өсіп, олар құрамына Лопбури, Чиангмай, Чиангрей, Лампанг, Пхукет, Транг және басқа провинциялар кірген.

Мұнда ойын-сауық орындары, бар, мейрамхана бұрынғы жұмыс режиміне оралған және музыкалық би кештеріне рұқсат берілген.

2021 жылы Таиланд 10 миллионға жуық шетелдік қонақтарды қабылдауға дайын екендігі көрсетілген. Бір жыл бұрын Пхукет пен Паттайяға 6,7 миллион шетелдік туристер келген, бұл 2019 жылмен салыстырғанда айтарлықтай (40 миллион) аз.