Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Таиланд 2022 жылдан бастап туризм үшін ақы ала бастайды
20:26 / 2021-10-05

Таиландтың Туризм және спорт министрлігі 2022 жылдан бастап елге келетін туристерден 500 бат (15 доллар) туристік төлем жинай бастайды.

Туристерден жиналған ақша ел туризмін трансформациялау қорына аударылады. Бұл қорды құруды Тайландтың экономикалық басқару орталығы мақұлдады. Қор туризм саласындағы жобаларды қаржыландырмақ.

Тайландтың туризм басқарамасы бастығы Ютасак Супасорндың айтуынша бұл түсім жылына 5 миллиард бат пайда келтіреді. Бұл келесі жылы мемлекет 10 миллион турист қабылдауды жоспарлап отырғанын көрсетеді.

Дәл қазіргі уақытта Тайландтағы ел экономикасының ең кірісті секторларының бірі болып табылатын туризм пандемияның салдарынан енгізілген шектеулерге байланысты айтарлықтай шығынға батуда.