Таэквондо бойынша Токио олимпиадасына Азия жолдама жарысы Қытайдан Иорданияға көшірілді
Бокс бойынша да олимпиадаға жолдама жарысы Қытайдың Ухань қаласынан Иордания астанасы Амман қаласына ауыстырылған еді
Шығыстық жеке күрес өнерінің көне түріне жатушы таэквондо спортының Азия құрлығы бойынша Токио-2020 олимпиадасына жолдама беруші жарысы коронавирус себеп Қытайдан Иорданияға көшірілді.
Сәуірдің 10-11 күндері Қытайдың Уси қаласында өтуі тиіс болған жолдама жарысы, елдегі жаппай тараған коронавирустың кесірінен Иорданияға көшірілуіне себеп болды. Алдын ала турнирдің қалдырылуы жайлы ақпарат шыққан кезде Иран мен Иордания өз жерінде өткізуге өтініш берген. Электронды дауыс беру арқылы Иордания көп дауыс жиған болып, Токио-2020 олимпиадасына лицензия алу үшін Азиялық споршылар Амман қаласында күреске түсетін болады.
Осыған дейін бокс бойынша да олимпиадаға жолдама жарысы Қытайдың Ухань қаласынан Иордания астанасы Амман қаласына ауыстырылған болатын.