English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Таэквондо бойынша әлем чемпионаты кейінге қалдырылды
19:44 / 2020-03-31

Қытайдың Уси қаласында 2021 жылдың мамыр мезгілінде өтуі жоспарланған еді


Токио Олимпиадасының кейінге қалдырылуымен және әлемдік пандемия жағдайының ахуалы сейілмей тұрған шағы басқада спорт түрлерінің кейінге шегерілуіне өз әсерін тигізуде.

Қытайдың Уси қаласында 2021 жылдың мамыр мезгілінде өтуі жоспарланған Таэквондодан әлем біріншілігі өтпейтін болды. Өйткені Олимпиада шілде айында басталады. Осы жағдайға байланысты Бүкіләлемдік таэквондо федерациясы әлем чемпионатын қашан қайда болатыны туралы қазірге нақты тоқтамға келмеген.

Глобалды пандемия жағдайының жариялануына қатысты Таэквондоның Олимпиадаға берер жолдамасының Азия және Еуропа құрлығы үшін жарысы кейінге қалдырылған еді.