Тадей Погачар «Тур де Франс» веложарысының жеңімпазы атанды
UAE Team Emirates командасынң словениялық велошабандозы Тадей Погачар «Тур де Франс» жеңімпазы атанды.
Тадей Погачар тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол веложарыс бойынша бір маусымда ең беделді «Тур де Франс» және «Джиро д'Италия» жарыстарында жеңіске жеткен 21 ғасырдағы алғашқы велошабандоз атанды.
Тур де Франс 2024. Қорытынды жалпы классификация
1. Тадей Погачар (Словения, UAE Team Emirates) - 83:38,56
2. Йонас Вингегаард (Дания, Visma | Lease a Bike) – 6,17
3. Ремко Эвенепул (Бельгия, Soudal Quick-Step) - 9.18
Осылайша Тадей Погачар өзінің мансабындағы үшінші Тур де Франс турниріндегі жеңісіне қол жеткізді. Ол бұған дейін 2020 және 2021 жылдары жеңімпаз атанған.