Тәжікстанда президенттің инаугурациясы өтті
Тәжікстанның жаңадан сайланған президенті Эмомали Рахмон ресми түрде қызметіне кірісті, ұлықтау рәсімі 30 қазан күні Ұлт сарайында өтті
Тәжікстанның жаңадан сайланған президенті Эмомали Рахмон ресми түрде қызметіне кірісті, ұлықтау рәсімі 30 қазан күні Ұлт сарайында өтті.
Ұлықтау рәсімінде ОСК басшысы Бахтиер Худоерзода Эмомали Рахмонға президенттік күәлігін, ал республиканың Конституциялық сот төрағасы Абдулхафиз Ашурзода алтыннан және күмістен жасалған «Ситораи президенти Точикистон» («Тәжікстан президентінің жұлдызы») президенттік белгісін тапсырды.
Осыдан кейін Эмомали Рахмон «Кохи Сомон» қалалық резиденциясында парламент пен үкімет мүшелері мен қоғам өкілдері алдында халыққа және Конституцияға адал болуға ант берді.