Тәжікстанда президент сайлауы басталды
ОСК-ның мәліметінше биылғы сайлауда 4,9 миллионнан астам азамат дауыс беруге құқылы
Бүгін, 11 қазанда Тәжікстанда президенттік сайлауы басталды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00де бүкіл ел бойынша 3375 сайлау учаскелері ашылған болып дауыс беру кешкі 20:00де аяқталады.
ОСК-ның мәліметінше биылғы сайлауда 4,9 миллионнан астам азамат дауыс беруге құқылы. Елде сайлауды пандемия жағдайында өткізуге байланысты, барлық сайлау учаскелерінде дезинфекциялау құралдары, қолғаптар мен медициналық маскалар жинақталған. Учаскелерге кіретіндердің барлығының дене температурасы өлшеніп, санитарлық өңдеу әр 2-3 сағат сайын жүргізіледі.
Президенттікке бес үміткер бар: онда қазіргі күндегі президент Эмомали Рахмон, коммунисттік партиядан Миродж Абдуллоев, социалистік партиядан Абдухалим Ғаффорзода, аграрлық партиядан Рустам Латифзода және экономикалық реформалар партиясынан Рустам Рахматзода қатысуда.
Сондай-ақ сайлауды ТМД, ШЫҰ, Өзбекстан, Ресей және ЕҚЫҰ-дан 122-ден астам өкіл бақылайтын болады. Алдын ала нәтижелер 12 қазанда, ал соңғы нәтижелер 10 күн ішінде жарияланады.