French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тәжікстан мен Өзбекстан құрамасының жолдастық кездесуі басқа күнге ауысты
09:57 / 2020-07-29

Өзбекстан футбол қауымдастығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, матч Тәжікстан футбол федерациясының өтініші бойынша басқа күнге ауысқан


Футбол бойынша Тәжікстан мен Өзбекстан ұлттық құрамасының жолдастық кездесуі 4 қыркүйектен басқа күнге ауысты.

Өзбекстан футбол қауымдастығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, матч Тәжікстан футбол федерациясының өтініші бойынша 3 қыркүйекке ауыстырылған. Кездесу Тәжікстан футбол федерациясымен келісім бойынша 3 қыркүйекте Ташкенттегі «Бунёдкор» стадионында өтеді.

Өзбекстан ұлттық құрамасы карантиннен кейін екі жолдастық кездесу өткізеді. Оның бірі 3 қыркүйекте Тәжікстан құрамасына қарсы, екіншісі қыркүйектің 7 жұлдызында Иран құрамасымен кездесетін болады. Бұл кездесулер ӘЧ-2022 және Азия кубогы-2023 жылғы іріктеу ойындары алдынан дайындық ретінде өтеді. Қазіргі кезде Өзбекстан құрамасы іріктеу кезеңі аясында «D» тобында 5-тур нәтижесіне орай 9 ұпай жинап көшбастап тұр.