Тәжікстан мен Өзбекстан арадағы әуе рейстерін қайта жандандыруға келісті
Өзбекстан мен Тәжікстан үкіметтері Ташкент-Душанбе бағыты бойынша тұрақты рейстерді қалпына келтіруге келісті
Өзбекстан мен Тәжікстан үкіметтері Ташкент-Душанбе бағыты бойынша тұрақты рейстерді қалпына келтіруге келісті.
«Азия-Плюс» таратқан хабарда айтылуынша, бүгінгі таңда екі арадағы рейстерді қалпына келтірудің нақты күні, екі елдің астаналары арасындағы рейстер кестесі келісілуде, - делінген Тәжікстан үкіметіндегі ақпарат көзінде.
Бұған дейін, Ташкент пен Душанбе арасындағы рейстер осы жылдың 16 наурызында тоқтатылған еді. Өзбекстан сол күннен бастап Тәжікстанмен құрлықтағы шекараларын да жапқан болатын.