Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тәж Махалға туристердің кіруіне рұқсат етілді
16:53 / 2020-09-21

Әлемдегі жеті кереметтің біріне айналған Тәж Махал кесенесі тарихтағы ең ұзақ жабылудан кейін туристерге қайта есік ашты


Әлемдегі жеті кереметтің біріне айналған Тәж Махал кесенесі тарихтағы ең ұзақ жабылудан кейін туристерге 21 қыркүйектен қайта есік ашты.

«BBC» мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустың Үндістанда кең таралуына байланысты Тәж Махалға келушілерге карантиндік талаптар қатаң сақтаулы ескерілген. Ондағы қағидалар бойынша туристерге «селфи» жасауға рұқсат берілген, алайда топ болып суретке түсуге болмайды.

Тәж Махалдың кіреберісі таңертеңгі сегізде ашылғанға дейін дезинфекцияланады және барлық қызметкерлер маска тағады. Онда келушілер алдымен дене қызуын өлшетіп, кейін ішке енеді. Мекеме басшылығы саяхатшылардан мүмкіндігінше билетті онлайн режимінде сатып алуды сұрауда.

Тәж Махал - әлемдегі ең танымал туристік орындардың бірі. Ол наурыз айында Үндістан елі қатаң режимде карантиндік шараларды қабылдағаннан кейін жабылды. Пандемияға дейін бұл жерге күн сайын 70 мың турист келетін болған. Соңғы рет бұл нысан 1978 жылы Агра қаласында су тасқыны болған кезде қысқа уақытқа жабылды. Оған дейін, 1971 жылы, Үндістан-Пәкістандағы соғыс басталған кезде, бірнеше күн ғана жұмыс тоқтатқан. Карантиндік шектеулерге байланысты алты айлық жабылу Тәж Махал тарихындағы ең ұзақ мерзім болды.