Тәулік бойы вирус жұқтырғандар саны бойынша көрсеткіш күрт өсті
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша республикада тәулік бойы 297 кісі індет жұқтырып, 187 науқас ауруханадан шыққан
Бүгін 2 шілде күні Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсіп күндік жағдай бойынша жаңа көрсеткіш тіркелді.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша республикада тәулік бойы 297 кісі індет жұқтырып (бұған дейін күндік жоғары көрсеткіш 281), 187 науқас ауруханадан шыққан.
Қазіргі уақытта ел аумағында коронавирус жұқтырғандардың расталған жағдайы 9078-ге жеткен және олардың 6034-і аурудан сауыққан. Өкінішке орай бүгінге дейін бұл індеттен 27 кісі көз жұмған.
Ендігі кезекте республикадағы ауруханаларда 3017 науқас дәрігерлер бақылауында болып, олар арасында 16 азаматтың жағдайы ауыр және 8 өте ауыр хәлде.