Тәулік бойы індет жұқтырған 486 азамат тіркелді
Індет жұқтырғандардың 391 карантиндік аймақтан анықталған болып, қалған 95 жағдай тұрғындар арасында тіркелгені айтылады
11 шілде Өзбекстанда күндік вирустану көрсеткіші бойынша жаңа жағдай тіркелді.
ДСМ-нің бүгінгі кешкі қорытынды хабарында жаңадан індет жұқтырған 486 жанның 391 карантиндік аймақтан анықталған болып, қалған 95 жағдай тұрғындар арасында тіркелгені айтылады.
Сонымен ел аумағында бүгінге дейін 12 513 жағдай расталған және одан 7723 кісі сауықғып, емделу көрсеткіші 61 пайызды құрауда. Өкінішке орай 57 кісі көз жұмған.
Дәл қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 4733 науқас індетпен күресуде, олар арасында 45 азаматтың жағдайы ауыр, 7 жан өте ауыр хәлде.