Тәулік бойы 491 жан коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
ДСМ-нің бүгінгі кешкі қорытынды хабарында вирусқа шалдыққан 4 науқас көз жұмғаны айтылады
26 қыркүйек Өзбекстанда тәулік бойы індет жұқтырған 491 азамат тіркеліп, 504 кісі аурудан сауығып өз отбасына оралды.
ДСМ-нің бүгінгі кешкі қорытынды хабарында вирусқа шалдыққан 4 науқас көз жұмғаны айтылады.
Соңғы дерекке сай ел аумағында қазіргі кезде коронавирустық 54 953 жағдай расталған және одан 51 458 азамат сауыққан болып, емделу көрсеткіші 93 пайызды құрауда. Өкінішке орай бүгінге дейін 454 жан көз жұмған.
Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 3041 науқас індетпен күресуде.