Тәулік бойы 343 азамат індет жұқтырып 389 науқас емделіп шықты
Қазіргі уақытта республикадағы ауруханаларда 2248 науқас ем қабылдауда, сондағылар арасында 330 кісінің жағдайы ауыр.
Өзбекстанда 1 қыркүйек күнгі жағдай бойынша елдегі 7 аймақта тәулік бойы 343 азамат індет жұқтырып 389 науқас емделіп шықты және 4 кісінің өлімі тіркелген.
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы дерегінше республикада 42 236 азаматта вирус расталған болып, олардың 39 664 аурудан айыққан. 324 азамат осы дерттен көз жұмған.
Қазіргі уақытта республикадағы ауруханаларда 2248 науқас ем қабылдауда, сондағылар арасында 330 кісінің жағдайы ауыр.