Түркияда коронавирусқа байланысты мектептер мен университеттерде демалыс жарияланды
Әзірбайжанда алғаш рет осы індеттен адам өлімі тіркелді. Қаза тапқан жан әйел азаматша
Әлемнің 110-нан астам ел аумағына жетіп жер бетінде «пандемия» дегейіне шыққан коронавирус себепті Түркияда мектептер мен Университеттерде демалыс жарияланды.
Түркияда коронавирус анықталғанның арқасында Түрік басшысы шұғыл жиын шақырып, елдегі білім ошақтарында демалыс жариялауға шешім шығарған. Бүкіл республикада 16 наурыздан бастап меткептер бір апта демалысқа шығатын болып, университеттер онлайн жүйесіне көшеді. Сонымен қатар 16 наурыздан бастап университеттер 3 аптаға дейін демалысқа кетуі де мүмкін. Бұл жағдай елдегі коронавирусқа қарсы күрестің нәтижесіне байланысты болмақ.
Ал Әзірбайжанда алғаш рет осы індеттен адам өлімі тіркелді. Қаза тапқан жан әйел кісі болып, ол жақында Ираннан елге оралып крантинге жіберілген болатын. Алайда оның ағзасында коронавирус бар екені анықталып оны сақтап қалудың шарасы болмаған. Қазір Әзірбайжанда 15 адам осы індетті жұқтырған.