Түркия әскерлері Ливиядағы жағдайды шешуге көмектеседі
Бұл жағдайға ресми Египет СІМ наразылық танытып, бұл халықаралық шешімдер мен БҰҰ-ның Ливия жөніндегі қабылданған қауіпсіздік кеңесінің нормаларына қайшы қеледі, деп мәлімдеген
Түркия парламенті Ливияға әскер жіберуге рұқсат етуші заң жобасын мақұлдады.
Аптаның дүйсенбісінде жоғары парламентке ұсынылған құжатты бейсенбі күнгі өткен талқылау мәжілісінде 325 депутат қолдау білдіріп мақұлдаған болса, 184-і қарсы шыққан. 2011 жылда Ливия жетекшісі Муаммар Каддафидің өлімінен кейін мемлекетте қос үкіметтік билік жүзеге келіп, қазіргі таңда осы жағдайдың ұшыққанына байланысты Ливияның келісім үкіметі Түркияда әскери көмек сұраған болатын.
Түркия парламентінің дәл осылай шешімге келгеніне ресми Египет СІМ наразылық танытып бұл халықаралық шешімдер мен БҰҰ-ның Ливия жөніндегі қабылданған қауіпсіздік кеңесінің нормаларына қайшы қеледі, деп мәлімдеді.
Ал, Дональ Трамп пен Ердоған телефон арқылы сөйлескенде бұл жағдайларды дипломатиялық жолмен шешуге және өзара көздеген мақсаттарды жүзеге асыру үшін ынтымақтастықты нығайтуға келіскен.