Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркия Сириядағы әскерлер өлімінен соң YouTube пен әлеуметтік желілерді блоктады
11:00 / 2020-02-28

Сирияның үкімет күштерінің Идлибке жасаған әуе соққысы нәтижесінде 33 түрік әскері қаза тапқан


Түркия билігі Twitter, Instagram, Facebook, WhatsApp әлеуметтік желілері мен YouTube видео хостингіне кіруді шектеді. NetBlocks мәліметінше, бұған себеп Сирияның Идлиб аймағында әуе шабуылдары кезінде түрік әскерлерінің өлімі туралы жалған мәліметтердің жаппай таралуы.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 27 ақпанда Сирияның үкімет күштерінің Идлибке жасаған әуе соққысы нәтижесінде 33 түрік әскері қаза тауып, 30-дан астамы жараланған.

Haberturk-тың хабарлауынша, Turki Telecom және басқа провайдерлер Twitter, Instagram, Facebook және WhatsApp-қа кіруді шектеді десе «Dirilis Post» елде YouTube-қа кіруде шектелген дейді.

«NetBlocks» халықаралық үкіметтік емес бақылау ұйымының айтуынша түрік операторлары Идлибтегі соңғы оқиғаларға байланысты әлеуметтік желілерді блоктаған. Мұның басты себебі - Идлибтегі әуе шабуылында қаза тапқан және жараланған түрік әскери күштері туралы шындыққа жанаспайтын ақпараттың тарауына тосқауыл қою себелін алға тартқан.

Қазірге бұл жөнінде Түркия билігі интернетте қол жетімділікке қатысты әлі түсінік берген жоқ.