French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркия Сириядағы әскери операцияларды қайта бастайтыны жайында мәлімдеді
16:12 / 2019-11-19

Мәскеу мен Вашингтон Сирияға қатысты міндеттемелерін орындамаса, Түркия күрд жасақтарына қарсы әскери операцияларды қайта бастауы мүмкін


Егер Мәскеу мен Вашингтон Сирияға қатысты міндеттемелерін орындамаса, Түркия күрд жасақтарына қарсы әскери операцияларды қайта бастауы мүмкін. Бұл жөнінде Түркияның сыртқы істер министрі Мавлут Чавушоғлу мәлімдеді.

Чавушоғлуның айтуынша Түркия АҚШ және Ресеймен жасаған арадағы келісімдерін орындады. Алайда Мәскеу мен Вашингтон өз міндеттемелерін орындамай отыр. «Егер біз алда нәтиже көрмесек, онда біз АҚШ-пен келіссөз жүргізген кездегідей, операцияны қайта бастайтын боламыз», - деген.

Өткен айда Сириядағы қарулы күрд әскеріне қарсы «Бейбітшілік қайнары» операциясы 9 қазанда басталып, 17 қазанда АҚШ вице-президенті Майк Пенс пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған арасындағы кездесуден кейін Анкара операцияны 120 сағатқа тоқтатуға және күрд әскерлерінің қауіпсіздік аймағынан шығарылуын күтуге келіскен еді. Бірақ келісім келесі күні бұзылған. Содан кейін Түркия басшысы Ердоған Ресей президентімен кездесіп мемарандум қабылдап, оның негізгінде Сириядағы әскери операцияларды бірігіп қадағалау арқасында, күрттерді АҚШ белгіленген аймақтан алып кетіп мәселе өз шешімін тапқандай болған еді.