Түркия Ирактағы күрд содырларына қарсы әскери операция бастады
Операция жөнінде Түркия қорғаныс министрлігі хабарлаған
Түрік қарулы күштері Ирактың солтүстігінде Pence-Kartal (Бүркіт тырнақ) деп аталатын Күрдістан жұмысшылар партиясының (ПКК) мүшелеріне қарсы жаңа әскери операция бастады. Бұл операция күрдтердің полиция бөлімшесі мен түрік қауіпсіздік күштері орналасқан аудандарға шабуылынан кейін басталды.
Шабуыл жөнінде Түркия қорғаныс министрлігі Твиттердегі парақшасында хабарлап, "Pence-Kartal операциясы басталды. Біздің ұшақтар лаңкестердің үңгірлерін атқылап жатыр», - деп жазба қалдырған.
Түркия қорғаныс министрі Хулуси Акар және Түрік Әуе күштері қолбасшылығындағы Қарулы Күштер командасының мүшелері басқаруындағы операцияда мәлім болуынша Түріктің жойғыш ұшақтары содырлардың позицияларына соққы берген.