Түркия гуманитар жүк артылған Қытай ұшағын неге Кипрге өткізбегенін түсінтірді
Осы жағдайға Түркия СІМ өкілі жауап берген
Қытай ұшағы Кипр еліне коронавирусқа қарсы күрес үшін қажетті заттардан тұратын гуманитарлық жүкпен Түркия ауымағы арқылы ұшуға рұқсат сұрамаған.
Күні кеше Қытай ұшағы Кипрге 36 тонна медициналық заттардан құралған гуманитарлық көмек жүгін алып бара жатып Түркия аспан шекарасын басып өтуге рұқсат етілмей кері қайтарылғаны және ұшақ бағытын өзгертіп Мәскеу арқылы Түркия аумағын шеттеп өткен болатын. Осы жағдайға Түркия СІМ өкілі Хами Ақсайдың малімдеуінше «әдетте Кипрге немесе Кипрден аралықты кесіп өтуге көрші елдерге рұқсат берілмейді кейбір жағайларда аса қажеттілік болмаса. Өйткені аспан шекарасын кесіп өтуге Кипр еліне рұқсат етілмеген. Ал Қытайдан шыққан ұшақ жағдайына келер болсақ, олар Түркия аспан шекарасын рұқсатсыз бұзып кіріп содан кейін барып Кипрге ұшуға рұқсат сұраған. Алайда Кипрмен аралық ұшуларға рұқсат жоқ екені бар. Бірақ қажеттілік жағдайда рұқсат етілері көрсетілгендей, Қытай ұшағы шекараға кірмей жатып рұқсат сұрағанда ол міндетті түрде ұшып өтетін еді» деп айтқан.