Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркия 2022 жылдың соңына дейін электромобильдер өндірісін жолға қояды
02:54 / 2020-07-19

2019 жылдың желтоқсан айында Түркияда алғашқы отандық электромобильдің прототиптері «SUV C» сегментінің электрокроссовері және электромобильді седан түрі таныстырылған еді


Түркияда жасалған алғашқы сериялық электромобильдер 2022 жылдың соңына дейін өндірісті бастайды, деп мәлімдеді ел президенті Режеп Тайып Ердоған.

«Anadolu» ақпаратының дерегінше президент Ердоған Бурса провинциясындағы автомобиль зауытының іргетасын қалау рәсімінде қатысып, онда «Зауыттың құрылысын 18 айда аяқтау жоспарланған. 2022 жылдың соңына қарай түрік өндірісінің алғашқы сериялық электрлік көліктері конвейерден шығатын болады», - деген.

Түрік басшысының айтуынша, Түркия 60 жыл бойы бұл жобаны күтті. Ол зауыттың іргетасын қалауды жалпыұлттық мегажобалар тізбегіндегі «алтын буын» деп атаған.

2019 жылдың желтоқсан айында Түркияда алғашқы отандық электромобильдің прототиптері «SUV C» сегментінің электрокроссовері және электромобильді седан түрі ұсынылды. Жобаға салынған инвестиция көлемі 22 миллиард түрік лирасын (3,7 миллиард доллар) құрайды және инвестициялық процесс 13 жылға жоспарланған. Жобаны жүзеге асыратын Түрік автомобильдері «бастамашыл тобы» (TOGG) жылына бес үлгідегі 175 мың автомобиль шығаруды жоспарлап отыр. Мемлекет 2035 жылдың 31 желтоқсанына дейін 30 мың электромобиль сатып алуды көздеген.