Түркітілдес елдердің туристік ұйымы құрылады
Атаулы ұйымды құрудың негізгі мақсаты Түркі әлемінің туристік әлеуетін түркі елдері арасында кең түрде насихаттап, тиімді пайдалану
Түркияның туристік ұйымы және Әзірбайжан туристік қауымдастығының бастамасымен Түркітілдес елдердің туристік ұйымы құрылады.
«Day.Az» ақпарат көзінде жарияланған хабарда айтылуынша, қазіргі кезде Түркітілдес елдердің туристік ұйымын құру жөнінде басқа түркі елдерінің тиісті мекемелерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Атаулы ұйымды құрудың негізгі мақсаты Түркі әлемінің туристік әлеуетін түркі елдері арасында кең түрде насихаттап, тиімді пайдалану.