Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркістан-Шымкент-Ташкент бағытында жүрдек пойызды теміржолы салынады
13:32 / 2020-11-03

Өзбекстан мен Қазақстан шекараларына жақын Түркістан-Шымкент-Ташкент бағытында жүрдек пойызды теміржолы мен Үшқұдық-Қызылорда арасында көлік дәлізі салынады


Өзбекстан мен Қазақстан шекараларына жақын Түркістан-Шымкент-Ташкент бағытында жүрдек пойызды теміржолы мен Үшқұдық-Қызылорда арасында көлік дәлізі салынады.

Өзбекстанға сапармен келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министінің орынбасары Роман Скляр бастаған Қазақ елі Үкіметінің делегациясы 2 қараша күні Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С. Умурзоқовпен кездесуі өтті. Онда тараптар инвестициялық, сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, көлік және логистика саласындағы көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын, сондай-ақ оны одан әрі нығайту және кеңейту перспективаларын талқылады.

Келіссөздер барысында екіжақты сауданың одан әрі өсуін қамтамасыз ету, оның құрамын әртараптандыру және экономикалық ынтымақтастықтың жаңа ұзақ мерзімді нысандарын, оның ішінде аймақаралық ынтымақтастықты дамыту шаралары басты назарға алынып, «Орталық Азия» Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру бойынша бірлескен практикалық жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

bhbGXTrFMFaD4Kzgm9WE7TWoW6QNWfGP.jpg

Сонымен қатар, екі ел басшыларының арасындағы тауар айналымын 10 миллиард долларға дейін арттыру бойынша қойылған міндетті тиісті министрліктер мен ведомстволардың өзара сауда, кедендік ережелер және сол ережелерді оңайлату мен үйлестіру, кедендік ақпараттық жүйелерді интеграциялау, заманауи логистикалық орталықтардың құрылысын салу, шекара бекеттерін қайта құру мен модернизациясының кешенді шараларын іске асыру бойынша бағытталған жұмыстар арқылы жүзеге асыруға болатындығы айтылды.

Ең қажетті жағдайдың бірі, екі ел арасындағы байланысты нығайтудың өзекті мәселесі көлік коммуникацияларына қаратылған болып, онда Өзбекстан мен Қазақстанның ірі қалалары арасындағы халықаралық автобус қатынасын іске қосу, Түркістан-Шымкент-Ташкент бағытында жүрдек пойызды теміржолы мен Үшқұдық-Қызылорда көлік дәлізінің құрылысын талқыланды.