English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркіменстан Президентінің Өзбекстан Республикасына сапары туралы
10:50 / 2019-11-22


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің шақыруымен 28 қарашада Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов жұмыс сапарымен Өзбекстанға келеді.

Мемлекет басшылары өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, сауда-экономикалық, көлік, коммуникация, мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды қарастырып, маңызды өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады.

Түрікменстан Президенті 29-шы қараша күні Ташкентте Орталық Азия елдері басшыларының екінші Консультациялық кездесуіне қатысады.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.