Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркі кеңесінің денсаулық сақтау министрлері кезектен тыс бейнеконференциялы жиын өткізді
17:29 / 2020-04-29

Тараптар коронавирустың таралуына қарсы күрес және инфекцияның жаңа түрлерінің алдын-алу мен емдеу туралы ақпаратпен тәжірибе алмасты


Тараптар коронавирустың таралуына қарсы күрес және инфекцияның жаңа түрлерінің алдын-алу мен емдеу туралы ақпаратпен тәжірибе алмасты.

2020 жыл 28 сәуірде Түркі кеңесі денсаулық сақтау министрлерінің кезектен тыс бейнеконференция отырысы өтті. Айтулы шара 2020 жыл 10 сәуірде Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің кезектен тыс саммитіндегі Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бастамалары аясында ұйымдастырылған болып, онда тараптар коронавирустың таралуына қарсы күрес, індеттің алдын-алу және емдеу туралы ақпаратпен тәжірибе алмасты. Соныман қатар пандемиямен күресуде денсаулық сақтау саласындағы көпжақты ынтымақтастықтың басқа аспектілері де қарастырылды.

Жиында қатысқан Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрі Алишер Шодмонов әріптестерін коронавирустың таралуы мен оның салдарына қарсы күрес процесі жөнінде елдегі қабылданған шаралар туралы хабардар етті, делінген СІМ ақпаратында.