Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі құрылымында Мәдени-гуманитарлық байланыстар, туризм және спорт істері департаменті құрылды.
СІМ дерегінше, бұл департамент мәдениет, ғылым және білім, денсаулық сақтау, спорт және туризм, гуманитарлық байланыстар салаларындағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында құрылған.
Жаңа бөлім ӨР-ның белгіленген бағыттар бойынша сыртқы саяси міндеттерін жүзеге асыруда үйлестіруші рөл атқарып, елдің жаһандық өркениеттер диалогындағы белсенді ұстанымын қамтамасыз етеді және мемлекет имиджін ілгерілетеді.
Шетелдік музей қорларында, мұрағаттар мен коллекцияларда сақталған Өзбекстанның ұлттық мәдени және ғылыми мұрасын іздеуге және қайтаруға, оның ішінде түпнұсқа даналардың телнұсқаларын алу жолымен айналысады.
Сонымен қата, өзбек тілін, мәдениетін, тарихын және әдебиетін шетелде үйрену, таныстыру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және ынтымақтастықты кеңейтуге көмектеседі. Кафедраның құзыретіне кіретін бағыттар бойынша студенттердің өндірістік практикасын ұйымдастыру, жоғары оқу орындары арасында академиялық келісімдер мен меморандумдар жасау шараларын қабылдайды.