2022 жыл 3 тамыз күні Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. Владимир Норов «Корея-Өзбекстан» Парламенттік достық қауымдастығының төрағасы Пак Кванг Он бастаған Корея Республикасы Ұлттық ассамблеясының делегациясымен кездесті.
СІМ мілңметңнше, Оңтүстік Корея Парламенті өкілдерінің Өзбекстанға сапары ашықтық, өзара құрмет пен бір-бірінің мүдделерін ескеру қағидаттарына негізделген екіжақты достық пен ерекше стратегиялық әріптестіктің кеңейіп, нығая түскенін тағы бір мәрте көрсететіні айтылған.
Пак Кванг Он Корея Республикасы Жаңа Өзбекстандағы кең ауқымды өзгерістер үдерісін, оның ішінде елдің Ата Заңын реформалауды қызу қолдайтынын мәлімдеген.
Ұлттық ассамблеяның Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің 2021 жылғы желтоқсанда Корея Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайындығы атап өтілді.
Әртүрлі деңгейдегі, соның ішінде «Орталық Азия + Корея Республикасы» аясында өтетін алдағы іс-шаралар кестесі туралы пікір алмасылды.
Цифрландыру және электронды үкімет салаларындағы ынтымақтастықты жеделдету, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы экономикалық дипломатияны белсенді дамытуға ерекше назар аударылды. Пак Кванг Онның айтуынша, Өзбекстан Корея Республикасы үшін инвестиция тарту, бірлескен өндіріс орындарын құру және бизнес жүргізу тұрғысынан тартымды ел болып қала береді.