Сырдариядан Тәжікстан арқылы Қоқанға автобус қатынауы жолға қойылады
Гүлістан қаласын Ферғана алқабымен байланыстыратын Гүлістан-Қоқан (Тәжікстан арқылы) облыстарында қалааралық автобус қатынасы іске қосылады.
Сырдария аудандық көлік басқармасының хабарлауынша, бұл бағытта екі жақтан күніне бір рет сапарлар жасау жоспарлануда.
Гүлістан қаласынан жолға шыққан автобус Ферғана облысы маңындағы «Ховасабад» және «Андархан» шекаралық кеден бекеттері арқылы Қоқан қаласына жетеді. Жолаушыларда шетелге шығу төлқұжаты болуы керек.
Бұл бағыттың қашықтығы 264,3 шақырым болып, жол жүру құны 50 мың сум шамасында болады деп күтілуде.
Қазірше автобус қатнауының қай күннен басталатынын айтылмаған, тек «алдағы бірнеше күнде» делінген хабарламада.