French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сырдарияда Малайзия мен бірлесе отырып халықаралық бизнес және менеджмент университеті құрылады
15:38 / 2019-09-12

Университет білім беру кезеңін 2020/2021 жылғы оқу жылынан бастап жолға қойылатын болады


Өзбекстан Республикасының нормативтік құқықты актілерінің жобаларын талқылау порталында Өзбекстан Республикасы Президентінің «Сырдария облысында «Binary» халықаралық бизнес және менежмент университетін құру туралы» Жарлығының жобасы жарияланды.

Жарлыққа байланысты ашылуы жоспарланған оқу ордасының негізгі міндеттеріне:

- экономика салаларының нақты қажеттіліктері мен мақсатты даму бағдарламаларын ескере отырып, терең білімі мен әр тараптама білікті кадрларды даярлау;
- шетелдік сарапшыларды, сондай-ақ шетелдегі білімді отандастарды тарта отырып, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу мекемелерімен ынтымақтастық орнату және тәжірибе алмасу;

- Іргелі ғылыми зерттеулер негізінде республика аймақтарында, әсіресе Сырдария облысында кәсіпкерлікті дамытудың қазіргі жүйелік мәселелерін зерттеу және тиісті шешімдерді әзірлеу, өңірлердің экономикалық әлеуетін зерделеу бойынша ең жақсы халықаралық тәжірибеге негізделген жаңа бизнес бағыттарын құру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

Ал, университеттің жалпы қызметін басқаруды және үйлестіруді Экономика және индустрия министрлігі тарапынан жүзеге асырылады. Сонымен қатар, университетте оқыту бағдарламасы Өзбекстан Республикасындағы қазіргі білім беру нысандарына және келісімшарт негізінде өзбек, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді деп жоспарланған.

Бакалавр және магистратура мамандықтарына қабылдау, республика еңбек нарығының қажеттіліктері мен университеттің материалдық-техникалық әлеуетін ескере отырып, Экономика және индустрия министрлігімен келісе отырып анықталады.

Жарлықта айтылғандай, бұл университет білім беру кезеңін 2020/2021 жылғы оқу жылынан бастап жолға қоюы белгіленген болып, оқу ордасы талапкерлерді қабылдау тәртібі университет тарапынан белгіленеді.

Атаулы Халықаралық бизнес және менеджмент университеті, Сырдария облысы Гүлістан қаласындағы Гүлістан құрылыс өнер-кәсіптік колледжінің ғимараты мен барша нысандары оперативті басқару толықтай университет құқығына беріледі.