Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сырдарияда EXEED маркалы автокөлік шығаратын зауыт іске қосылды
12:25 / 2023-08-02

Зауытта EXEED автокөлігінің үш моделі – LX, TXL және VX негізінде жаңа заманауи көліктері құрастырылуда. Кәсіпорынды басқару 20 жылдан астам тәжірибесі бар, көптеген Өзбекстан жеңіл көліктерін әлемге танытқан бренд өндіруші «Asaka Motors» компаниясына сеніп тапсырылған.

Президент Шавкат Мирзиёев осы жылдың 19 мамырында Қытайға сапары барысында символдық түймені басып, елде жалпы құны 3,3 миллиард доллар болатын 15 жобаны – автомобильдер мен электромобильдер, металл және құрылыс бұйымдарын шығару, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен басқа да қуаттарды өндіруді іске қосқан еді. Көлік саудасы қазіргі уақытта қызу жүріп жатыр. Жоба құрамдас бөліктерді құрастыру (SKD) сатысында жылына 20 мың көлікке дейін және толық өндірістік цикл (CKD) сатысында жылына 150 мың көлік шығаруға қауқарлы.

– Зауытта заманауи технологиялар мен озық өндіріс әдістері қолданылып, сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік береді, – дейді «Asaka Motors» зауытының бас директоры Акрамжон Тохтабоев.

Осы күндері зауытта жоба жетекшісі қытайлық Лян Цзюнь Лонның жетекшілігімен 50 шақты Сырдария мен Ташкенттен келген жігіттер көлік құрастырудың қыр-сырын меңгеріп, еңбек етуде, - дейді кәсіпорын инженері Даврон Одилов. 

Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 32 жылдығы қарсаңында 300-ден астам автокөлік құрастырылып сатылымға шығарылады.

Шухрат Суяров, ӨзА