Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сырдарияда автобустағы газ баллоны жарылып, 6 адам қайтыс болды
12:01 / 2022-08-19

18 тамызда Сырдария облысында автобусқа орнатылған газ баллоны жарылуы салдарынан 6 адам қаза тапты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға 18 тамыз сағат 14:30 шамасында Сырдария облысының «Ақалтын» ауданы аумағында орналасқан автокөліктерге газ құю бекетінен (Хорезм облысы, «Богот» ауданындағы автомектепке тиесілі) «Isuzu» маркалы автобус метан газын құйып шыққан кезде оған орнатылған газ баллондарының бірі жарылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 6 адам оқиға орнында қаза тауып, 15 адам жарақат алған.

Оқиға орнына ӨР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығы бастаған жұмыс тобы келген. Сондай-ақ, оқиға бойынша облыстық және аудандық ТЖД, ІІМ, ДСМ басшылығы, прокуратура алдын ала тергеу және анықтау жұмыстарын жүргізуде.