Сырдария облысындағы туристік мекен
ФОТОРЕПОРТАЖ
Сырдария облысында «Ағашты Сардоба» атты тарихи маңызы бар туристік мекен бар.
Су қоймасы болған бұл орын Ұлы Жібек жолымен жүретін керуендер үшін бірден-бір су көзі ретінде үлкен маңызға ие болған. Ол Бұхара ханы Абдолла II ханның 1579-1583 жылдары, дәлірек айтсақ, 1580 жылы Ташкентке жорығы кезінде салынған.
[gallery-11299]
Тарихи мекен халықаралық тас жолдың бойында орналасқан. Әрине, бұл жолдан өтіп бара жатқан туристерді қызықтыруы сөзсіз. Сәйкесінше, бұл тарихи орынды туристік маршрутқа қосып, оның айналасында түрлі ойын-сауық нысандарын салуға қажетті қаржы бөлініп, бұл жұмыстарға кәсіпкерлерді тарту көзделуде.
суреттерді түсірген Шахриёр АРТИКБОЕВ, ӨзА