Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сырдария облысында жүзеге асырылатын жобалардың таныстырылымы өтті
23:16 / 2021-03-01

Президент Шавкат Мирзияев 1 наурызда Сырдария облысындағы инвестициялық жобалардың таныстырылымына қатысты.

Биыл Сырдария облысында 737 жоба қарастырылған болып, олардың жалпы құны 25,5 триллион сумды құрайды және оның шамамен 900 млн доллары - шетелдік инвестиция.

Атаулы жобалар нәтижесінде жылына 11 трлн сумға өндірістік қуаттылық пен 36 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда. Тағы бір маңызды аспект - жаңа кәсіпорындар 124 млн долларлық импорттың орнына 326 млн долларлық өнімді экспорттай алады. Жобаларды қалыптастыруда негізінен тоқыма, құрылыс материалдары, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі белгіленген.

Тоқыма өнеркәсібіне 29 жоба ашу жоспарланып, нәтижесінде шамамен 818 млрд сум өндірістік қуаты құрылып, қосымша құн 2,5 есеге артады және 6,6 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Құрылыс материалдары саласында 16 жоба қарастырылған болып, 2 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.

Азық-түлік саласында жемістер мен көкөністерді өңдеу, балық өсіру және экспорттау сияқты 51 жобаны жүзеге асыру көзделген. 3,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылатын болады.

Мемлекет басшысы жобаларды іске асыруда сапалы және уақытылы жүзеге асыруға, импортты алмастыратын өнім өндірісін ұлғайтуға ерекше назар аударуды тапсырды.