Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сырдария облысында каннабис өсіріледі
11:44 / 2020-11-26

Сырдария облысы Сардоба ауданына қарасты 3 мың гектар жерге каннабис өсімдігі өсіріліп, одан тек медициналық мақсатта пайдаланылады. Атаулы жобаға 33 млн АҚШ долларлық инвестиция салу көзделген.

Сырдария ауданы әкімдігінің ақпараттық қызметінің хабарлауынша, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі мен Мальта елінің «Melabis» компаниясы арасында медициналық мақсаттарда каннабис өсіру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жоспар бойынша алғашқы жылы 500 гектар жерге каннабис егу көзделген. Кейінгі 3 жылда өсімдіктің егістігін 3 мың гектарға дейін ұлғайту қарастырылған болып, оған бастапқыда 33 млн АҚШ доллар инвестиция салынады. 

Егер бұл жоба іске асар болса, Сырдария облысында жоғары технологиялық зауыт пен шикізатты өңдеуге арналған тиісті зертханалар салу қажет болады. Бұл дегені 100 жаңа жұмыс орнын құруға мімкіндік береді.

Атаулы өсімдік Орталық Азия климатына қолайлы әрі оған мақтаға қарағанда су 10 есе аз жұмсалады. Каннабис өндірістік ортада өңделіп, дайын өнімге айналдырылған кезде оның құрамындағы тетрагидроканнабинол (ТНС) 0,1-0,2% құрайды, бұл оның басқа мақсаттарға қолданылуына жол бермейді және өнім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) талаптарына толық сәйкес келуі айтылған. 

Каннабистің өңделген дайын өнімдері негізінен экспортқа шығарылады.