Сырдария облысында Германия компаниясымен бірлесіп «Логистикалық орталық» іске қосылуда
Сырдария облысының «Хавос» ауданында Германияның «Man truck and Bus SE» компаниясымен бірлесіп «Логистикалық орталық» іске қосылып жатыр.
Бұл жобаның жалпы құны 2 650 миллион еуроны құрайды, жүк тасу көлемі жылына 8 640 тонна.

Қазіргі уақытта орталыққа жасанды салқындатқышы бар 18 жүк көлігі әкелінді. Жоба жұмыстары аяқталу сатысында болып, іске қосылғаннан кейін 40 жаңа жұмыс орны ашылады.
Ш.Суяров, ӨзА