Сырдария облысы Жызаққа гуманитарлық көмек жіберді
Өткен апта барысында ауа-райының қолайсыздығынан толассыз жауған жаңбыр салдарынан Самарқанд және Жызақ облыстарының көп бөлігінде су тасқыны болды.
Осы жағдайға орай Сырдария облысынан табиғи апаттан зардап шеккен Жызақтың «Фориш» ауданыны халқына гуманитарлық көмек ретінде азық-түлік пен төсек-орын заттары тиелген жүк көліктері жолға шықты.

Еске салар болсақ, 19 сәуірде басталған нөсер жаңбырдан кейін 20 сәуірде Самарқанд және Жызақ облыстарының бірқатар аудандарында сел мен су тасқыны байқалған еді. Табиғи апат салдарынан қатты зардап шеккен «Фориш» ауданыны болып, ондағы су тасқыны кезінде 4 адам (1 ер, 3 әйел) қаза тапқан болатын.