Сырдария ЖЭС-те күн фотоэлектр станциясының құрылысы басталды
Сырдария жылу электр станциясы кәсіпорнында қуаттылығы 1200-1500 кВтты күн фотоэлектр станциясын салу бойынша алғашқы жұмыстар басталды.
Бұл станция іске қосылғаннан кейін жылына 3 миллион кВт/сағ электр энергиясы өндіріліп, 900 мың текше метр табиғи газ үнемделеді.
Екі гектар аумаққа құрылатын, қуаттылығы 1200-1500 кВтты құрайтынбұл күн станциясын дайын күйінде пайдалануға беру мақсатында «Узбекэнерготамир» компаниясымен келісім-шарт жасалған. Соған сәйкес құрылысқа бөлінген жер телімін дайындау, құрылыс-монтаждау және реттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Қазіргі уақытта бір топ мамандар жер телімін зерттеп, нысанның жобасын әзірлеуге кіріскен.
2022 жылдың қазан айының басында «Узбекэнерготамир» компаниясы тарапынан күн батареялары мен металл конструкциялар орнату үшін әкелінген.