Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сырдарияда орын алған су тасқынынан 70 мыңға жуық азамат эвакуацияланған
11:10 / 2020-05-02

Оқиға 1 мамыр таңғы сағат 05:55 кезінде Сардоба су қоймасының бөгенінің 6-пикеті бұзылып нәтижеде су тасқыны орын алған


Бұған дейін хабарлағанымыздай Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгенін бұзылып тасып аққан тасқын судың салдарынан жақын маңдағы ауыл тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілген еді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша оқиға орын алған уақыттан бастап Сардоба су қоймасының айналасында тұратын 22 ауылды мекеннен 70 мыңға жуық адам қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланып, олар Сырдария мен Жыззақ облыстарындағы арнайы мекемелерге (мектеп, колледж, жеке кәсіп орын нысандарына) орналастырылған. Бұдан бөлек тағы 3 мыңнан астам кісіге арналған орын әзірленуде. Оқиға салдарынан түрлі дәрежеде жарақан алған 56 азамат ауруханаға жатқызылып, 17 мыңнан астам адам медициналық тексерістен өткен.

Еске сала кетсек, 1 мамыр таңғы сағат 05:55 кезінде Сардоба су қоймасының бөгенінің 6-пикеті бұзылып нәтижеде су тасқыны орын алған. Құтқару жұмыстары мен медициналық көме және басқада орган қызметкерінен жасақталған 3821 маман мен 400-ден астам техника жұмылдырылған.