English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты халықаралық индексте Өзбекстан қай орында?
11:37 / 2023-02-13

«Transparency International» халықаралық үкіметтік емес ұйымы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің 2022 жылғы қорытындысын жариялады.

Рейтингке енген 180 елдің арасында Өзбекстан 31 ұпаймен 126-орында тұр. 2022 жылғы нәтиже бойынша 3 ұпайға көтеріліп, 14 сатыға жақсарған (2021 жылы 140-орын).

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі 1995 жылдан бері жарияланатын мемлекеттік жүйедегі сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін көрсететін және сарапшылар мен бизнесмендердің сауалнамасы негізінде қалыптасатын 13 дереккөзден тұратын жыл сайынғы индекс. Өзбекстан осы 7 дереккөз бойынша бағаланады.

Өзбекстан осы индексте кейінгі 6 жылда өсу қарқыны (2017 жылы 22 пункттен 2022 жылы 31 баллға дейін) көрсеткен ел ретінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырып жатқан елдердің қатарына енді.