Светлана Осипова Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды
Жазғы Олимпиада ойындарында алғаш рет өзбекстандық таэквондошы қыз жүлдегер атанды.
+67 келі салмақта Светлана Осипова финалда Олимпиада иелерінің өкілі, әлем және Еуропа чемпионы Алте Лореннен 0:2 (0:3, 3:3) есебімен ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты.
Осипова финалға дейін белгілі британдық және кореялық қарсыластарын жеңді.
Осылайша, таэквондодан Өзбекстан құрамасы Париж Олимпиадасынан 2 медалмен оралмақ. Бұған дейін ерлер арасында -68 келі салмақ дәрежесінде Ұлықбек Рашитов алтын медал алған болатын.