Өзбекстанның Сұрхандария облысы «Сариосиё» теміржол шекара бақылау-өткізу бекетінде, ел аумағынан заңсыз түрде ірі көлемде есірткі алып өтпек болғандар қолға түсті.
Мемлекеттік кеден комитетінің Сұрхандария облыстық кеден департаментінің «Сариосиё» теміржол шекара бақылау-өткізу бекетінің қызметкерлері, Мемлекеттік күзет қызметі және Шекара әскерлері бірлесе отырып, ел аумағынан заңсыз түрде ірі көлемде есірткіні алып өтпек болған әрекет әшкереленді.
Мемлекеттік кеден комитетінің хабарлауынша, көрші ел аумғынан кіріп келіп, республикадағы транзиттік жолмен өтіп бара жатқан жүк пойызын кеден аумағында сканермен тексеру кезінде, вагондардың бірінде күдікті сурет кеден қызметкерлерінің назарын аударған.
Қызметтік иттердің көмегімен атаулы вагонға жүргізілген бақылау кезінде вагонның түбінде арнайы құпия орындар дайындалғаны анықталып, онда қара целлофан пакеттерге арнайы скотчталған 23 дана 5 литрлік сиымдылықтағы желім ыдыстың жасырылғаны анықталды.
Ондағы 4 ыдыста, ақ түсті өткір иіс 11 келі 987 гр героин, 2 келі 592 гр гашиш пен 19 дана ыдысқа қоңыр түс өткір иісті 81 келі 348 гр гашиш майы табылды.
Бұдан бөлек «Дарбанд» теміржол станциясында өткізілген тексеріс кезінде вагон астындағы құпия орынға қара целлофан пакеттерде арнайы скотчталған 21 дана 5 литрлік сиымдылықтағы желім ыдыстарда 30 келі 648 гр гашиш және 45 келі 906 гр гашиш майы есірткісі бар екені анықталды.
Іс-шара барысында шамамен жалпы 172,5 келі салмақта есірткі республика аумағынан жасырын түрде өтуіне тыйым салынды.
