ӨР Инвестициялар, индустрия және сауда министрі Лазиз Кудратов Францияның Елшісі Аурелия Бушезбен кездесті.
Министрлік ақпаратына сәйкес, Президент Шавкат Мирзиеевтің 2020 жылдың қарашасында Францияға сапары кезіндегі қол жеткізілген жалпы құны 6 миллиард еуродан асатын сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық ынтымақтастық аясындағы басым жобаларды жүзеге асыру туралы екіжақты келісімдердің жүзеге асырылуының бүгінгі жағдайы қаралды.
«MEDEF халықаралық Франция іскерлік қозғалысына кіретін компаниялардың өкілдерінен тұратын Францияның Сауда министрі Оливер Бект бастаған делегацияның сәуір айында Өзбекстанға келетін сапарының күн тәртібі талқыланды. Сапар бағдарламасына сәйкес, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысын және іскер топ өкілдерінің қатысуымен бизнес-форумды өткізу жоспарлануда», делінген хабарламада.
Ведомство дерегінше, кездесу соңында тараптар Өзбекстан мен Франция арасындағы нақты инвестициялық және сауда келісімдерін қарастыра отырып, жоспарланған іс-шараларды практикалық мазмұнмен байыту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келіскен.